• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 16 Ақпан, 2021

Вакцина салдырған ер адам 8 минуттан соң көз жұмды

3939 рет
көрсетілді

Грекияда 27 желтоқсаннан вакцинация жұмыстары басталған еді. Тұрғындарға күн сайын 20 мыңнан аса екпе салынады. Осы, коронавирусқа қарсы вакцинадан соң 85 жастағы ер адам COVID-19 вакцинациясынан кейін сегіз минут өткен соң қайтыс болды. Оқиға Криттегі Ираклион университетінің ауруханасында орын алған, деп жазады Egemen.kz.

Егде жастағы адам вакцинациядан кейін қабылдау бөлмесінде отырған және аяқ астынан құлаған. Дәрігерлер бірден көмектескенімен, ол жансақтау бөліміне жетпей қайтыс болған.

Оның қайтыс болу себебін анықтағандар "ол вакцинациядан және аллергиялық анафилактикалық шоктың салдарынан көз жұмған жоқ" деген бірінші тұжырым шығарды. Дәрігерлер ғылыми тұрғыдан алғанда кез келген вакцинациядан кейін өлім байқалмайтынын атап, бұл вакцинациямен тұспа-тұс келген кенеттен өлім деп санайды.

Дегенмен өлімнің нақты себебін анықтау үшін дәрігерлер жедел сот-медициналық сараптамасын талап етті.