• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 24 Ақпан, 2021

65 жастан асқан адамдарды вакцинациялауға рұқсат берілді

228 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов 65 жастан асқан адамдарды вакцинациялауға қатысты қабылданған шешім жайында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Шілде  айына дейін Қарағанды фармацевтикалық кешенінің вакцинаны өндіру көлемі 2 млн дозаға дейін жеткізіледі. 65 жастан асқан адамдарды вакцинациялауға қатысты өндірушінің ресми ақпаратының негізінде медициналық қарсы көрсетілімдерін ескере отырып, осы жас ерекшелік санатындағы адамдарды вакцинациялауға рұқсат беру туралы шешім қабылданды. Мен ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің тиісті қаулысына қол қойдым», деді Е. Қиясов.

Бұдан соң ол КВИ вакцинасын енгізуге қарсы көрсетілімдерді атады. Олар:

1) құрамында ұқсас компоненттері бар вакцинаның немесе вакцинаның қандай да бір компонентіне аса жоғары сезімталдық;

2) анамнездегі ауыр аллергиялық реакциялар;

3) жүктілік және бала емізу кезеңі;

4) 18 жасқа дейінгі және 65 жастан асқан адамдар (тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректердің болмауына байланысты);

5) II компонентті енгізуге қарсы көрсетілімдер: вакцинаның I компонентін енгізуге вакцинадан кейінгі ауыр асқынулар (анафилактикалық шок, ауыр генерализацияланған аллергиялық реакциялар, құрысу синдромы, 40°С температура және т.б.).