• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Наурыз, 2021

Ақтөбеде «Игі істер» марафоны басталды

552 рет
көрсетілді

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Игі істер марафоны» жалпыұлттық акциясына ақтөбеліктер  өз үлестерін қосуға кірісті. Жалпыұлттық іс-шараға өңіріміздегі  этникалық топтардың өкілдері де белсенді  түрде қатыса бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Олардың қатарында еліміздегі  қоғамдық және жалпыұлттық ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосып жүрген ақтөбеліктер  бар. Соның ішінде ​«Әзербайжан қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің Ақтөбедегі  мүшесі, «Бабек-Құрылыс» ЖШС басшысы Рахиб Хазайыр оғлы Азизов, Қазақстан халқы ассамблеясының кәсіпкерлер қауымдастығы мүшесі Анатолий Симонов, Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы қоғамдық келісім кеңесі төрағасы Сергей Вишняк, «Қайырымды жандар» еріктілер тобының мүшесі Жеңіс Нұржігіт  игілікті іс- шаралардан қалыс қалып көрген емес.

Мұның бір дәлелі,  түрлі ұлт өкілдерінен 18 бала асырап ақтөбелік көп балалы отбасы Жетесовтер жанұясына этномәдени бірлестік өкілдері 350 мың теңгенің сертификатын табыстады. «Әзірбайжан қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің жастар қанаты көпбалалы ана Айсұлу Көздібаеваға 2 млн теңгенің сертификатын ұсынды.  Айсұлу Көздібаева  осы қаражатты  үйді күрделі жөндеуге мен жиһаз сатып алуға жұмсайтынын айтып, жерлестеріне шын көңілден ризашылығын білдірді.