Нұр-Сұлтан қаласында медицина қызметкерлерін вакцинациялау жалғасуда. 1 наурыздан бастап ерікті түрде мұғалімдер мен күш құрылымдарының қызметкерлері екпе қабылдауды бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бүгінгі таңда 1-ші компонентпен 2241 адам, 2-ші компонентімен – Нұр-Сұлтан қаласының 824 тұрғыны қамтылған.
COVID-19 жаңа жағдайлары тіркелген кезде Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті індет ошақтарын оқшаулау бойынша жедел эпидемияға қарсы іс-шараларды, тығыз байланыста болған адамдарды анықтау мен зертханалық тексеруді жүзеге асырады, сондай-ақ карантиндік шараларды қабылдайды.
Алайда, бұл шаралар үнемі сақталып тұрмайтындығын түсіну керек, өйткені олар адам өмірінің барлық салаларына әсер етеді. Сондықтан бүгінгі күні вакцинация карантиннің жалғыз баламасы болып отыр.