• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Медицина 04 Наурыз, 2021

Елордада туберкулезге қарсы 4 мыңнан астам адам тексерілді

219 рет
көрсетілді

2018 жылдан бастап елордада туберкулездің дәріге төзімді түрлерімен ауыратын науқастарды жаңа препараттармен емдеу схемалары басталды. Қалалық фтизиопульмонология орталығының директоры Анна Цепкенің айтуынша, бұл туберкулездің дәріге төзімді, бұрын емделмейтін түрлерін емдеудің тиімділігін арттырды, деп хабарлайды Egemen.kz

«Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің қолдауымен тұрғылықты жері жоқ (алкоголь мен есірткіге тәуелді үйсіз адамдар, бас бостандығынан айыру орындарынан келген) адамдарды флюорографиялық тексеру бойынша бірлескен акциялар өткізді. Акция барысында барлығы 4 554 адам туберкулезге профилактикалық тексерумен қамтылды, оның 104-і – тұрғылықты жері жоқ адамдар», деді Анна Цепке елорда әкімдігінде өткен онлайн брифингте.

Қазіргі уақытта пандемия жағдайында туберкулез күдігі туралы шағымдарды уақытылы анықтау мақсатында «жоғары қауіп» тобындағы адамдарға қашықтан консультациялар беру үшін цифрлық технологиялар кеңінен қолданылып жатыр. Ауруханаға жатқызуды қажет етпейтін науқастар үшін мобильді бригаданың көмегімен үйде емдеу немесе бейнебақылау емі секілді амбулаториялық емдеу түрлері белсенді дамуда.

«2018 жылы Нұр-Сұлтан қаласында алғашқылардың бірі болып туберкулезге қарсы жаңа препараттарды: бедаквилин мен деламанидті қолдану арқылы туберкулездің дәріге төзімді түрлерімен ауыратын науқастарды емдеу басталды. Бүгінде бұл туберкулездің дәріге төзімді, бұрын емделмейтін түрлерін емдеу тиімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік берді», дейді А.Цепке.

Айта кетейік, соңғы он жылда елордада туберкулез ауруы мен туберкулезден болатын өлім-жітім 5 есеге азайды. 2021 жылдың 24 ақпанынан 24 наурызына дейін «Уақыт өтіп жатыр!» ұранымен туберкулездің алдын алу айлығы қолға алынды.