Нұр-Сұлтанда бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқыту форматына көшірілді, деп хабарлайды Egemen.kz елордалық білім басқармасына сілтеме жасап.
«Бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің БІРІНШІ ауысымындағы 0-11(12) сынып оқушылары, сонымен қатар колледждердің 1-2 курс студенттері үшін сабақ қашықтықтан оқыту форматына ауысады», делінген хабарламада.