• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Күрес 08 Наурыз, 2021

«Маттео Пеликоне»: Қазақстан үш алтын жеңіп алды

1136 рет
көрсетілді

Римде күрес түрлерінен "Маттео Пелликоне" рейтингтік турнирі мәресіне жетті. Еркін күрестен Қазақстан құрамасы соңғы жарыс күнінде үш алтын, екі күміс және үш қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Жарыс нәтижесі бойынша,  Нұрислам Санаев (57 кг), Адлан Асқаров (61 кг) және Ғалымжан Өсербаев (79 кг) чемпион атанды.

70 килода белдескен Дәулет Ниязбеков пен 92 килода Елхан Асадов ел қоржынын күміспен толықтырды.

Ал Нұрқожа Қайпанов пен Данияр Қайсанов (74 кг) , Есқали Дәулетқазы (86 кг) қола жүлдені қанағат тұтты. 

Айта кетерлігі, 97 килода боз кілемге шыққан Әлішер Ерғали де қола, 125 килода Юсуп Батырмурзаев күміс жүлдегерлер қатарынан көрінген болатын.