• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Наурыз, 2021

Қазақстанда қант бағасы неліктен қымбаттады

522 рет
көрсетілді

Қант Шымкент қаласында 14,7%, Қарағандыда 11,1%, Ақтауда 10%, Талдықорғанда 5,1%, Таразда 4,6%, Орал мен Павлодарда 4%, Жезқазғанда 3,6% қымбаттады. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бағалық сөз байласу белгілерінің болуына байланысты 2 көтерме жеткізушіге бағаларды төмендету туралы хабарлама жіберілген. Хабарлама бір ай мерзімде орындалмаған жағдайда монополияға қарсы орган Кәсіпкерлік кодекске сәйкес тергеп-тексеруге бастамашылық жасайды. Сонымен бірге бағаның күрт өсуіне бірқатар фактор әсер етті. Бұл ішкі нарықты 60% қамтамасыз ететін ресейлік және белорустық өндірушілердің өнімдерді жеткізушілер бағаларының өсуі.

Қазіргі кезде Ақсу және Меркі қант зауыттары (Алматы және Жамбыл облысы) маусымның аяқталуына байланысты өз өндірісін уақытша тоқтатты.