• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Әлем 14 Наурыз, 2021

Грузияда 15 наурыздан бастап вакцина егіледі

234 рет
көрсетілді

Ұлттық ауруларды бақылау және қоғамдық денсаулық сақтау орталығының басшысы Амиран Гамкрелидзе 15 наурызда Грузия бойынша 29 клиникада коронавирусқа қарсы вакцина егу басталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

«Тбилисиде осындай 10 вакцинация орталығы болады, Кутаиси мен Батумиде төртеу, Рустави мен Зугдидиде екеу, ал басқа аудан орталықтарында біреуден. 17 наурызда тағы 35 мекеме, ал 19 наурызда тағы 23 мекеме қосылады. Осылайша, бір аптадан кейін вакцинация процесі елдің барлық муниципалдық орталықтарына таралады», деді Амиран Гамкрелидзе.

Тбилисиге 13 наурызда COVID-19 вакцинасының бірінші партиясының 43,2 мың дозасы жеткізілді. Елде ең алдымен соңғы 120 күнде коронавируспен ауырмаған медициналық қызметкерлері вакцинациядан өтеді.

Алдын ала мәліметтер бойынша, бұл елде олардың саны – 54 мың. AstraZeneca вакцинасының Грузияға келесі жеткізілімі (86,4 мың доза) сәуір айына жоспарланып отыр.