• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Қоғам 26 Наурыз, 2021

Алматы облысында дәрігер вакцинадан қайтыс болған ба?

1757 рет
көрсетілді

Әлеуметтік желіде Алматы облысының Іле ауданында гинеколог-дәрігер қайтыс болғаны туралы хабарлама қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Facebook желісінің пайдаланушысы парақшасында дәрігердің өліміне коронавирустық инфекцияға қарсы екпе себеп болған деп жазады. Алайда Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі желі қолданушысының жазбасы шындыққа жанаспайтынын айтты. Олардың мәлімдемесінде Қосөзен ауылының дәрігері індетке қарсы егілмеген.

– Ағымдағы жылдың бесінші наурызында Алматы облысы Іле ауданы Қосөзен ауылында 1965 жылы туған акушер ауырып қалды. Науқас 9 наурызда жедел жәрдем бригадасымен фильтрге жеткізіліп, «Коды U07.2 сол жақ өкпелік пневмония, сатурация 89%» диагнозымен ОАА инфекциялық бөлімшесіне жатқызылды. 23 наурызда ол қайтыс болды. Өлімнен кейінгі диагноз: «Жүрек-қан тамыр жүйесінің жетіспеушілігі», қайталама диагноз: «Коды U07.2 анықталмаған пневмония». Марқұмға КВИ қарсы екпе салынбаған, – деп мәлімдеді ведомство өкілі.

Жоғарыдағы мәлімдемені дәрігер жұмыс істеген Іле орталық аурухана басшылығы да растап отыр. Орталық ауруханың басшылығы марқұмның медициналық қарсы көрсетілімдері болғандықтан, оған COVID-19-ға қарсы екпе салынбағанын алға тартады.

Айта кетейік, Facebook-тегі посттың авторы кейіннен өзінің қателігін мойындап, «медицина қызметкері пневмониядан қайтыс болды, бірақ вакцина алмаған» деп жазды.