• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Наурыз, 2021

Маңғыстау облысына 8 мың дана екпе жеткізілген

149 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысы қоғамдық коммуникациялар орталығында өткен брифингте өңірдің санитариялық-эпидемиялық бақылау департаментінің басшысы Ғазиз Надуев Маңғыстау облысына вакциналау басталғаннан бері 8 мың дана екпе жеткізілгенін мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz

Бүгінгі таңда өңірде 16 егу пунктінде 7 кабинет жұмыс істеп тұр.

«Спутник-V» вакцинасының бірінші компонентінің 4500 дозасы және «Спутник-V» вакцинасының 2 компонентінің 3500 дозасы – 18 градуста барлық сақтық режимін сақтай отырып, облысқа жеткізілді», деді Ғазиз Надуев. Бүгінгі таңда Маңғыстау облысында вакцинацияланған адамдардың саны – 2155.

«Қазіргі күні коронавирусқа қарсы 1 компонентпен 1625 адам, 2 компонентпен 530 адам вакцинацияланды. Айта кету керек, Қазақстанда вакцинациядан бас тартқаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылмаған», деді Маңғыстау облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ғазиз Надуев.

Ғазиз Надуевтің айтуынша, иммундаудан кейінгі асқынулар мен реакциялар тіркелген жоқ. 2021 жылдың екінші тоқсанынан бастап отандық «QazCovid-In» препаратымен вакциналау жоспарланған.