• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Коронавирус 31 Наурыз, 2021

Вакцина мутацияланған вирустан қаншалықты қорғайды?

305 рет
көрсетілді

Ел ішінде әлі де індетке қарсы сақтық шараларына жүрдім-бардым қарау, ауру­дың алдын алу, яғни екпеге мүлдем мән бермеу байқалады. Бұл вакциналау бары­сына бұқараның әлі де сенімінің қалыптаспағанын байқатады. Сондықтан отан­дық мамандар екпенің еліміздің денсаулық сақтау саласындағы маңызы зор екенін айтуда.

Мәселен, Фтизиопульмонология ұлттық ғылыми орталығы директорының кли­ни­калық және ғылыми жұмыстар жө­ніндегі орынбасары Ләззат Ералиева­ның айтуынша, Covid-19 пандемиясы бас­тал­ға­лы бір жыл өтсе де коро­на­ви­рустың тиімді емі жоқ, бірақ ас­қы­нудан, қайғылы жағдайдан қор­ғай­тын вакциналар бар. Вакцина қабылдаған адам мутацияланған вирусты жұқтырса да, екпенің қорғаныс әсері болады. Себебі, SARS-CoV-2-ге қарсы барлық вакцинаның құрамына вирус геномының фрагменттері кіреді, олар мутация процесінде өзгермейді.

Қазір басты міндет – пандемия бас­талған­нан бері ауырғандардың санын анық­­тау емес, халықты індетті қайта жұқ­­­­­тырудан қорғау. Сонымен қатар әлем ел­дері бірнеше вакцина қол­да­ну­да. Әлем­­дегі вакцинаның енгізілген доза­ла­ры­­ның жалпы саны бойынша алғашқы бестікке АҚШ (124,48 млн доза), Қытай (74,96 млн), Ұлыбритания (29,86 млн), Үндістан (45,07 млн) және Бразилия (13,56 млн) кіреді.

«Қазақстанда пандемияны тоқтатып және популяциялық иммунитет қалып­тас­тыру үшін кемінде 10 млн адам екпе сал­дыруы тиіс. Сондықтан қазір басты міндет – пандемия басталғаннан бері ауырғандардың санын анықтау емес, ха­лық­ты індетті қайта жұқтырудан қорғау. Өйткені азаматтардың 50%-ы сим­томсыз немесе жеңіл дәрежеде ауыр­ған», дейді Л.Ералиева.

Адамзат бұған дейін де пандемия мен жұқпалы аурулар эпидемиясын бастан кешкен. Ол кезде де індетті эпидемияға қарсы шаралар, сондай-ақ вакциналау мен тиімді дәрі-дәрмек жасау арқылы жеңді. Елу жыл бұрын вакциналаудың нәти­же­сінде миллиондаған адамның өмі­рін қиған ауру ауыздықталды. Инно­ва­циялық дәрі-дәрмектердің көмегімен дәрігерлер бү­гінде АИТВ/ЖИТС пандемиясымен күресуде.

«Бірнеше айдың ішінде әлемде ондаған COVID-19-ға қарсы вакцина жа­­салды, дәрі­герлер екпенің жоғары тиім­ділігіне таң­ғалуда. Коронавирус мута­цияға ұшы­рай­ды, яғни өзгереді. Оның жұғу қаупі күшейіп, індеттің жаңа тол­қыны басталуы мүмкін. Бұған жол бер­меу үшін қысқа мерзімде адамдарды жаппай вакци­на­лау керек. Сондықтан аза­маттарды ко­ро­на­ви­русқа қарсы вакцина қабылдауға және пандемияны же­ңу­ге нақты үлес қосуға шақырамын», деді америкалық денсаулық сақтау қа­уым­дас­тығының мүшесі, профессор Алмаз Шарман.

COVID-19 вакциналауы әдетте екі кезеңде жүргізіледі. Вакцинаның екінші дозасы біріншісінен кейін үш апта өткен соң салынады. Нәтижесінде ағзада антидене, сондай-ақ иммундық жасушалар пайда болады да, 90 пайыз COVID-19-дан қорғайды. Сонда шамамен 10 па­­­йыз коронавирус жұқтыру қаупі қалады. Сондықтан вакциналаудан кейін де мас­ка киіп, қол гигиенасын, әлеуметтік арақа­шықтықты сақтау керек. Сақтық шара­ларын адамдар жаппай вакцина алып, қо­ғамда ұжымдық иммунитет қалып­тас­қан­ға дейін жалғастыруға тура келеді.

«Қалыпты өмірге тезірек оралу үшін коронавирусқа қарсы вакцина алған дұрыс. Сонда әр адам инфекцияның таралуын тоқтатуға және пандемияның аяқталуына үлес қосады. Әлемде бірнеше вакцина қолданылуда, екі жүзден ас­там вакцина клиникаға дейінгі немесе клиникалық зерттеулерден өтуде. Вак­циналау арқылы КВИ-дің жаңа жағ­дай­ларының алдын алу тиімділігі өте жо­ғары – 60%-дан 95%-ға дейін. Бірақ вак­циналанған адам жұқтырған болса да, вакциналау асқыну мен қайғылы жағ­дайдан өте жақсы қор­ғай­ды», деді А.Шарман.

Профилактикалық медицина ака­де­мия­сының сарапшысы Бауыржан Жү­сі­пов әлемде бірнеше вакцина қолда­ныс­та екенін айтты, екі жүзден астам вакцина клиникаға дейінгі немесе клиникалық зерттеулерден өтуде.

«Ең алдымен әлеуметтік арақашықтық шараларын және маска режімін сақтау қажет. Сонымен қатар жаппай вакциналауды қамтамасыз ету өте маңызды. Коронавирустың таралуын шектеу шараларынсыз тоқтату үшін ұжымдық иммунитет жоғары болуы керек. Егер бұрын эпидемиологтар ұжымдық имму­нитет­тің қажетті деңгейін 60-70% деп ба­ға­­ласа, онда жұқпалы жаңа нұсқалар үшін ұжымдық иммунитет деңгейінің кем дегенде 80% болады», деді Б.Жүсіпов.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйы­мы­ның мәліметтері бойынша 2021 жылғы 26 наурыздағы SARS-CoV-2 «Британдық штамы» әлемнің 125 елінде, «Оңтүстік Африка» 75 елінде, «Бразилиялық» 41 елінде анықталды. Яғни бір апта ішінде «Британдық штам» әлемнің тағы 7 елінде анық­талды. Вирустың мутация ық­ти­мал­ды­ғы адамдардың жұқтыру жиі­лі­гінің жоғарылауымен артады.

Қазір вакцина тапшылығы Қазақ­станда ғана емес, бүкіл әлемде байқа­ла­ды. Денсау­лық сақтау министрлігі халықты вакцинамен жеткілікті деңгейде қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдауда. Ресей Федерациясында «Спутник» вакци­на­сының екі ком­по­нен­ті­мен халықтың 1,9%-ы қамтылған.

Қазақстанда вакциналар медициналық мекемелерге түскенге дейін тексеруден өтеді және оған қойылатын талаптар өте жоғары. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы вакциналардың сапасын, қауіпсіздігі мен тиімділігін әзірлеу, өндіріс жағдайын бағалау, клиникаға дейінгі сынақтарды мұқият сараптау кезеңінен бастайды және клиникалық сынақтар кезеңдеріне өте маңызды талаптар қойылады. Сондықтан Қазақстанда, әлемде вакциналарды тір­кеу және сараптамадан өткізу процесі көп­ке­зең­ді және еңбекті талап етеді.

Пандемия кезеңінде «Қазақстан Рес­пуб­ликасында өндірілген COVID-19 ко­ро­навирусқа қарсы вакциналар­ды уақытша мемлекеттік тіркеу қағи­да­ларын бекіту туралы» Қазақстан Рес­пуб­ликасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 жел­тоқсандағы № 850 қаулысының негі­зін­де қазақстандық QazCovid-in вакциналары (2020 жылғы 31 желтоқсан 9 ай мерзімге) және Гам-КОВИД-Вак (2021 жылғы 15 ақпан 9 ай мерзімге) уақытша тіркеуден өтті. QazCovid-in қазақстандық вакцинасы қазір клиникалық сынақтың 3 кезеңінен өтуде, бұл осы жылдың екінші жартысында аяқталады.

«COVID-19 вакциналары бүкіл әлем­де жаппай жұқтыру және корона­вирус ин­фек­­циясынан адам өлімі жағ­дайында шұ­ғыл дайындалды. Со­нымен қа­тар бұл ғаламдық проблема бол­ған­­дықтан, фар­ма­цев­тикалық ком­­па­ния­лар вакцинаны тез әзірлеуге ай­тар­­лық­тай ресурс жұмсады. Бірақ ком­па­ния­лар қауіпсіздік хаттамаларын қатаң сақ­та­ды», дейді Дәрілік заттар мен меди­ци­на­лық бұйымдарды сараптау ұлттық ор­талығының сарапшысы Александр Гуляев.

Ол вакцинаның тиімділігі адамның өзіне де байланысты екенін еске салды. Сондықтан вакцинаның бірінші және екінші дозасы арасында адамдармен байла­нысты азайтып, барлық санитарлық ере­­желерді сақтау қажет. Иммунитет бір­­тіндеп қалыптасады, ал вакцинаның бірін­ші және екінші дозасы арасындағы ке­зеңде организм әлсіз болады. Егер адам санитарлық шараларды сақтамаса, COVID-19-бен ауруы мүмкін.