Ведомствоаралық кеңестің коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шешіміне және Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес IV тоқсанда мектеп оқушыларын оқыту форматы өңірдегі эпидемиялық жағдайға байланысты болмақ, деп хабарлайды Egemen.kz БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрлік мәліметіне сәйкес, жасыл және сары аймақтарда орналасқан өңірлерде барлық оқушы аралас оқыту форматына көшеді.
Қызыл аймақта орналасқан өңірлерде 1-5 сыныптар, 9, 11 (12) сыныптар үшін, сондай-ақ халықаралық мектептердің 1-7 сыныптары үшін оқытудың аралас форматы сақталады, ал 6, 7, 8, 10 сыныптар қашықтан оқытылады.