• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 09 Сәуір, 2021

Қорғаныс министрлігі әскери ұшақтың автожолға қону себебін түсіндірді

259 рет
көрсетілді

Қорғаныс министрлігі Маңғыстау облысында әскери ұшақтың не себепті автожолға қондырылғанын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министрліктің мәлімдеуінше, Қазақстанның батыс өңірінде «Алтын жебе» арнайы операциялар күштерінің компоненттерін кешенді тексеруі аяқталды.

Бұл тексеруге Құрлық әскерлерінің, Әуе қорғанысы күштерінің және Әскери-теңіз күштерінің бөлімшелері қатысты.

«Тексерудің аяқтау кезеңінде Қарулы Күштердің тарихында алғаш рет С-295 әскери-транспорттық және Су-27 жойғыш ұшақтары Маңғыстау облысында орналасқан автокөлік жолдарының аэродром учаскесіне қондырылды.

Аталған шара құрлық және әскери-теңіз топтары әскерлерінің қызметін қамтамасыз ететін Әскери-әуе күштері бөлімшелерінің ұтқырлығын арттыру аясында жүзеге асырылды», деп түсіндірді Қорғаныс министрлігі.