Маңғыстау облысына 10 950 доза көлемінде «Sputnik V» вакцинасының кезекті партиясы жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz
Вакцинация басталғалы өңірге барлығы 18600 доза вакцина жеткізілді. Қазір вакцинаның жалпы саны 29550 доза. 9 сәуір күні Маңғыстау облысында жалпы екпе алғандар саны 6678 адамды құрады.
Келесі аптадан бастап ірі сауда үйлерінде, спорт мектептерінде, колледждерде, «Ақтау» сауда, ойын-сауық орталығында қосымша жылжымалы егу пунктерін ашу жоспарланып отыр.
Арнайы бригадалар Халыққа қызмет көрсету орталығында, мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығында, «Атамекен» ӨКП және өзге де нысандарда жұмыс істейді.