• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Сәуір, 2021

Көкшетауда сауда үйінің терезесінен құлаған жігіт мерт болды

293 рет
көрсетілді

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Көкшетау қаласында 19 жастағы жігіт сауда үйінің 3-қабатынан секіріп мерт болды, деп хабарлайды Egemen.kz

9 сәуірде Көкшетау қалалық ПБ кезекші бөліміне жедел жәрдем фельдшері хабарласып, облыс орталығындағы сауда үйлерінің бірінде жас жігіттің көз жұмғанын айтқан. Ер адам жедел жәрдем бригадасы келгенше көз жұмған.

«Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобы көз жұмған ер адамның 19 жастағы жергілікті тұрғын екенін анықтады. Ол сәуірдің 9-да кешкі сағат 18:40 шамасында сауда үйінің 3-қабатынан секіріп суицид жасаған», деді баспасөз өкілі.