• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Ауа райы 12 Сәуір, 2021

Еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

253 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы 12 сәуір күнгі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Синоптиктердің айтуынша, қолайсыз метеорологиялық жағдай Ақтөбе, Қостанай, Нұр-Сұлтан қалаларында болады.

Өзге қалаларда метеоахуал қалыпты.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, баяу жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.