Бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой биыл күзге дейін қанша қазақстандыққа вакцина салынатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Денсаулық сақтау министрлігі елдегі және әлемдегі эпидемиялық ахуалға тұрақты мониторинг жүргізіп отыр. Биыл қыркүйек айына дейін Қазақстанда 10 миллионға жуық адамды немесе қамтылуы тиіс контингенттің 100 пайызын вакцинаға қолжетімдігін қамтамасыз ету жоспарланған», деді А. Цой.