Атыраудағы тергеу изоляторында жазасын өтеуге шаруашылық қызметіне қалдырылған ер адамдар ерікті түрде коронавирусқа қарсы екпе алды, деп хабарлайды Еgemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты УГ-157/1 мекемесінің хабарлауынша, 10-нан астам сотталған мекемеде шаруашылық қызметіне қалдырылған. Олар – аспаз, аспаз көмекшісі, аула сыпырушы секілді қызметте жұмыс істейді.
Ерікті түрде келіскен азаматтарға екпе егілді. Жағдайлары бір қалыпты. Енді 21 күннен кейін сотталғандар вакцинаның ІІ компонентін алады. Барлығы тәулік бойы дәрігер қабылдауында болады.