• RUB:
    5.01
  • USD:
    488.11
  • EUR:
    530.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Сәуір, 2021

Түрмеге кітап сыйлады

446 рет
көрсетілді

Орал қалалық кітапханасы Батыс Қазақстан облысындағы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты мекемелерге 15 мыңнан аса кітап сыйға тартты, деп хабарлайды Egemen.kz

Бұл кітаптар жаза басып, темір тордың ар жағында жазасын өтеп жатқан жандарға арналған. М.Горький атындағы қалалық кітапхана сыйға тартқан 15 408 кітаптың ішінде әлем әдебиетінің классиктері де, қазіргі әдебиет үлгілері де, ғылыми-танымдық, анықтамалық кітаптар да бар екен.

«Кітап – бас бостандығынан айырылған жандар арасында әу бастан ерекше сұранысқа ие құндылық. Абақтыға уақытша қамалғандар да, сотталып жазасын өтеушілер де біздің кітапханалар қызметін жиі пайдаланады. Тұрақты оқырмандарымыз да бар. Бізде ең көп оқылатын кітаптар – Лев Толстойдың «Соғыс пен бейбітшілік» эпопеясы, Достоевскийдің «Қылмыс пен жаза» кітабы. Сондай-ақ М.Булгаковтың «Мастер мен Маргарита» романы да сұранысқа ие», дейді Батыс Қазақстан облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бас маманы Дастан Ақшолақов.

Аталған департамент пен қалалық кітапхана арасында әріптестік байланыс көптен бері жалғасып келе жатыр екен. Департамент басшылығы рамазан айында жасаған жомарттығы үшін кітапхана өкіліне алғыс айтты.