• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Коронавирус 23 Сәуір, 2021

БҚО-да мәслихат депутаты коронавирустан қайтыс болды

4549 рет
көрсетілді

Орал облыстық көпсалалы ауруханасында мәслихат депутаты Катауолла Ашығалиев коронавирустан қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің мәліметіне сәйкес К. Ашығалиев 74 жаста болған. Ол үш күн бойы үйінде емделген. 12 сәуірде емханаға барып, коронавирус инфекциясына ПТР-сынама тапсырған. Өкінішке қарай, сынама оң нәтиже көрсеткен.

«Компьютерлік томография коронавирус белгілері бар пневмония болуы мүмкін өкпенің өзгеруі болғанын көрсетті. Өкпе 25 пайызға дейін қабынған. 12 сәуірде науқас инфекциялық стационарға жеткізілді. Анамнезінде қант диабеті және гипертония аурулары болды. Нәтижесінде тыныс алу жеткіліксіздігі болған. 23 сәуірде таңертең науқас қайтыс болды», делінген хабарламада.