Польшаның Кельце қаласында бокстан жастар арасында өтіп жатқан әлем біріншілігінде Ерболат Сабыр күміс медальді иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
56 кило салмақта өнер көрсеткен қандасымыз финалда үндістандық Сачинмен шеберлік байқасты. Жасыратыны жоқ, біздің жігітке қарағанда қарсыласы алымда көрінді. Өзінің жылдам әрі жинақы қимылының арқасында Сачин әлем чемпионы атанды. Ерболат күміс медальді қанағат тұтты.