• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елбасы 26 Сәуір, 2021

Елбасы Александр Бацуланың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

232 рет
көрсетілді

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Қазақ КСР-ның бұрынғы қаржы министрі Александр Бацуланың өмірден өткені туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ол есепшіден Қазақ КСР-ның қаржы министріне дейінгі еңбек жолында жемісті қызмет атқарып, осы саланың дамуына сүбелі үлес қосты.

Мен оны республиканың Министрлер Кеңесінде бірге жұмыс істеген кезімізден жақсы білуші едім. Александр Ефимович жоғары кәсіби біліктілігімен, берік ұстанымдарымен, адами қасиеттерімен ерекшеленетін.

Александр Бацуланың жарқын бейнесі оны білетін адамдардың жүрегінде әрдайым сақталады», делінген жеделхатта.