• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Сәуір, 2021

Алматыда бір тәулікте 6 мыңға жуық адам вакцина салдырды

170 рет
көрсетілді

Алматы қаласында бір тәулікте 5958 адам індетке қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды Egemen.kz

«27 сәуір күні 5958 алматылық вакцина салдырды, оның ішінде 1700 адам «QazVac» вакцинасын алды», деп хабарлады қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 27 сәуірі аралығында барлығы 194 106 адамға екпе салынды.

«Спутник-V» вакцинасының 2 компонентін 39 041 адам алған. Бүгінде қалада 210 пункт жұмыс істеп тұр. 1 197 адамнан тұратын 308 егу бригадасы бар. Сонымен қатар 50 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылды. 27 сәуір күні қалаға «Спутник-V» вакцинасының 57 895 дозасы жеткізілді.