Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясында Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы, ҚХА Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев әлем елдерінің Қазақстанға қатысты сенімі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Бізді ядролық қаруға қарсы күресте көшбасшы ел деп санайды. Атап айтқанда, басқа елдермен бірлесе отырып интеграциялық жобаларға бастамашылық етіп, жүзеге асырдық. Яғни ЕАЭО, АӨСШК, Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі секілді жобалар қамтылды. Бұл бірлестіктер менің қатысуыммен әрі ұсыныстарым арқылы құрылды. Осы орайда маған қолдау білдерген әріптестеріме алғысымды білдеремін», деді Елбасы.
ҚХА Төрағасының айтуынша, аталған жобалар халықтардың игілігі үшін қызмет етіп келеді.
«Көпвекторлы сыртқы саясат бізді ынтымақтастық пен әлемдегі бейбітшілікті қамтамасыз етуге бағытталған бейбітшіл ұлт ретінде көрсетті. Бізге әлем елдері сеніммен қарайды, сондай-ақ бізді мемлекеттер арасындағы қақтығыстар мен келіспеушіліктер кезінде табыстырушы, бітімгер болуға шақырады. Қазақстан, біздің елордамыз сенімгерліктің алаңына айналды, бұл жерде осындай маңызды келіссөздер өтіп келеді», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.