• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 03 Мамыр, 2021

Испания вакциналаудың екінші дозасын 16 аптаға дейін ұзартты

131 рет
көрсетілді

Испания коронавирусқа қарсы AstraZeneca вакцинасының бірінші және екінші дозаларындағы аралықты 60 жасқа дейінгі адамдар үшін 16 аптаға дейін ұзартты, деп хабарлайды Egemen.kz

Ел үкіметі Еуроодақ мақұлдаған 12 апталық максималды аралықтың шеңберінен шығып кеткен. Өйткені Испания – еуропалық дәрі-дәрмек агенттігінің нұсқауынсыз, өз бетінше әрекет етіп жүрген елдердің бірі. Оған қоса, дәрі-дәрмектерді оңды-солды пайдаланудың соңы басқа елдерге де әсер етуі мүмкін.

Осыған орай елдің денсаулық министрлігі мерзімді ұзарту кейбір олқылықтарды орнына қойып, тиімді шешімді қабылдауға септігін тигізеді деп отыр.

Испания билігі бастапқы кезеңде 18 бен 65 жас аралығындағы жұмысшыларға AstraZeneca вакцинасын салған еді. Бірақ жас ағзаларда қан ұйып, кері әсер бергендіктен, вакцинаны тек 60 жастан асқан адамдарға егуге рұқсат етілді.

Сонымен бірге биыл наурыз айында Испанияның 43 жастағы тұрғыны AstraZeneca вакцинасымен егіліп, көп ұзамай миға қан кетуінен қайтыс болған. Белгілі болғандай, ол бұрын-соңды ешқандай аурумен сырқаттанбаған.