• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 03 Мамыр, 2021

Италия ресейлік «Спутник V» вакцинасын сатып алмақшы

153 рет
көрсетілді

Бұған дейін Италияда адамдар вакциналаудың екінші компонентін 21 немесе 28 күннен кейін алатын. Бірақ елдің денсаулық министрі Роберто Сперанза мәлім еткендей, қазір вакцинаны алу мерзімі 42 күнге дейін ұзарды, деп хабарлайды Egemen.kz

2021 жылы қантарда вакцинаны алғашқылардың бірі болып, дәрігерлер, егде тартқандар мен қарттар үйінің қызметкерлері салдырды. Билік халықты вакцинаны тегін және ерікті түрде алуға шақырады. Жыл соңына дейін елдің 90%-ына егу жоспарланып отыр.

Дегенмен, биыл қаңтар мен сәуір айындағы вакциналау науқаны жоспардан едәуір артта қалып, көпшілік арасында керағар пікірлерге ұласты. Pfizer және AstraZeneca вакциналарын жеткізуде олқылықтар пайда болғандықтан, саясаткерлер биліктің бұл процесті ұйымдастырудағы әрекеттерін қатаң сынға алды. Осыған мысал ретінде биыл наурыз айында елдің әртүрлі аймақтарындағы бірнеше азамат AstraZeneca вакцинасымен егілгеннен кейін көп ұзамай қайтыс болды.

Ғалымдар мен саясаткерлердің бастамасы бойынша ресейлік «Спутник V» вакцинасын сатып алу мәселесі талқыланып жатыр. Сондай-ақ елде Pfizer және AstraZeneca вакциналарына шектеу қойып, ресейлік өнімді әзірлеуді көздеп отыр.