Алматыда бір тәулікте 3504 адам коронавирус вакцинасын салдырды, деп хабарлайды Egemen.kz
«3 мамыр күні 3504 алматылық вакцина салдырды. Сонымен қатар, 25 наурыздан бері 2 484 адам QazVac вакцинасын алды», деп хабарлады қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 4 мамыр аралығында қалада барлығы 226 258 адамға екпе салынды. «Спутник-V» вакцинасының 2 компонентін 28 066 адам алды.
Бүгінгі күні қалада 211 пункт жұмыс істеп тұр. 1 809 адамнан тұратын 402 егу бригадасы бар. Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылды.