• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Мамыр, 2021

«Базарға екпесіз кіргізбейді»: Қызылорда әкімдігі жағдайға қатысты түсініктеме берді

291 рет
көрсетілді

Әлеуметтік желілерде «Қызылорда базарына коронавирусқа қарсы вакцинасыз кіргізбей жатыр» деген ақпарат пайда болды. Облыс әкімдігі жағдайға байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz

Қызылорда облысының әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Қазіргі уақытта қалалық емханалар жанынан екпе егу үшін жылжымалы топтар құрылды. Осындай мобильді топтардың бірі бүгін «Қорқыт Ата» сауда орталығында вакцинация жүргізді. Онда барлық санитарлық талап сақталған. Айта кетейік, вакцинация алдында дәрігерлер міндетті тексерістен өткізеді.

Алайда, «базарға вакцинасыз ешкімді кіргізбейді» деген ақпарат жалған екенін хабарлаймыз. Қазіргі уақытта еркін саудаға барлық мүмкіндік бар», деп мәлімдеді ведомство өкілдері.