6 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан тұрғындары Sinopharm Қытай вакцинасын салдыра алады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
«Қазір басқарма қоймаларына қытайлық Sinopharm өндірушісінің вакцинасы келді. Ертеңнен бастап осы вакцинаны егуге кірісеміз. Бұл вакцина осы өндіруші компанияның вакцинасын салдыруға ниет білдірушілер үшін таңдау-препарат», деді Мұратов елорда әкімдігінің онлайн-брифингінде.
Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда вакцинациялау үшін үш вакцина барын мәлімдеген болатын. Олар – ресейлік «Спутник V», қазақстандық QazVac және Hayat-Vax қытай технологиясымен өндірілген араб вакцинасы.