Еліміздегі Ақтау, Ақтөбе және Атырау гарнизондарының әскери бөлімдерінде жылжымалы вакциналау бекеттері ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz
«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі мәлімдегендей, қазір әскерилерді вакциналау ерікті түрде жүргізіліп жатыр.
«Әскери қызметшілерге Қазақстанда өндірілген «Sputnik V» және «QazVac» вакциналары салынады. Барлық санаттағы әскери қызметшілерді, әсіресе, жаңадан шақырылған сарбаздарды қоса есептегенде, жеке құрамның шамамен 90% вакцина алды. Олардың ешқайсысында вакцинаның кері әсері байқалмады. Әскери қызметшілер өздерін жақсы сезінеді», дейді «Батыс» өңірлік қолбасшылығы медициналық қызметінің бастығы, медициналық қызметтің майоры Нағысхан Оразымбетов.
Оның айтуынша, Отан қорғаушылар күніне дейін әскери бөлімдерде вакцинаның І компонентін салуды аяқтау жоспарланып отыр.