• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Мамыр, 2021

Алматының 240 тұрғыны Hayat-Vax вакцинасын алды

292 рет
көрсетілді

Алматы қаласында бір тәулікте 6 311 адам коронавирус вакцинасын салдырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«5 мамыр күні 6 311 алматылық вакцина салдырды. Сонымен қатар, 25 сәуірден бері 2 870 адам QazVac вакцинасын алды», деп хабарлады қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ 5 мамыр күні Hayat-Vax вакцинациясын 240 азамат салдырды. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 5 мамыр аралығында қалада барлығы 238 606 адамға екпе салынды. Вакцинацияның жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 30 292. Бүгінгі күні қалада 214 пункт жұмыс істеп тұр. 1 809 адамнан тұратын 402 егу бригадасы бар. Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылды.

«Қазіргі медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді», деп атап өтті басқармадан.