Елордалық полицейлер көпірден секіріп кеткен 22 жастағы жігітті құтқарып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz
Сағат 04:30-да Нұр-Сұлтанның Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына Қажымұқан көшесіндегі «Қазақстан» көпірінен ер адам секірейін деп тұрғаны хабарланған. Полицейлер келген уақытта ер адам секіріп үлгерген.
«Біз суға секіріп, жігітті ұстап, өзеннің бойына, қауіпсіз жерге шығарып үлгердік», дейді полицейлер.