Қазақстан 11 Мамыр, 2021

СІМ: Қазақстан Палестина-Израиль қақтығысының бейбіт жолмен шешілуін қолдайды

655 рет
көрсетілді

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Шығыс Иерусалимдегі зорлық-зомбылықтың өршуіне және Палестина-Израиль қатынастарының шиеленісуіне алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қалыптасқан жағдайда барлық тараптар ұстамдылық танытып, жағдайдың одан әрі нашарлауына әкелетін қадамдардан бас тартуы қажет.

Әл-Ақса мешітінің кешені төңірегінде арандатушылық әрекеттерден аулақ болуға және статус-квоны құрметтеуге шақырамыз.

Саяси, діни және қоғамдық көшбасшылары қасиетті Рамазан айында шиеленісті азайту үшін бар күшін салады деп үміттенеміз.

Қазақстан Палестина-Израиль қақтығысының тек «Екі мемлекет» формуласы және Біріккен Ұлттар Ұйымының тиісті қарарлары негізінде бейбіт жолмен әділ шешілуін қолдайды», делінген мәлімдемеде.