Теңіз кенішінде жұмыс істейтін 10 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, биылғы сәуірде «Теңізшевройл» компаниясына «Спутник V» вакцинасының 15 мың дозасы жеткізілген. Қазір кен орнында коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдыруға 15 мың адам ниет білдіріп отыр.
«Вакциналау ерікті түрде жүзеге асырылып жатыр. Осы кезге дейін вакцинаның І компонентін 10 мыңнан астам адам салдырды.
«Теңізшевройл» мен серіктестер қызметкерлері 11 мамырдан бастап Атырау, Құлсары, Нұр-Сұлтан, Алматы, Орал, Шымкент, Ақтөбе, Ақтау және Жаңаөзен қалаларындағы «Медикер» орталықтарынан вакцина салдыра алады» деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.