• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Медицина 13 Мамыр, 2021

Алматыда бір тәулікте 3 мыңнан аса адам вакцина салдырды

101 рет
көрсетілді

Алматы қаласында бір тәулікте 3053 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы таратқан мәліметке сәйкес, 11 мамыр күні 3 053 алматылық вакцина салдырды. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 12 мамыр аралығында қалада барлығы 302 985 адамға екпе салынды. Вакцина егілгендер арасында 60 жастан асқан қарт кісілердің үлесі – 30 382.

«Жалпы дозадан қазақстандық QazVac вакцинасы 3 000 данасын құрайды, яғни, 17 күннің ішінде 2 990 адам вакцина алды. 3 мамыр күні қытайдың Sinopharm вакцинасы 15 000 дозасы жеткізілді, оның бірінші компоненті бойынша 1 514 адамға вакцина егілді», деп атап өтті басқарма өкілі.

Бүгінгі күні қалада 214 пункт жұмыс істеп тұр. 1 282 адамнан тұратын 315 егу бригадасы бар. Сонымен қатар 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылды.

«Қазіргі медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді», деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі.