• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Мамыр, 2021

Вакциналау паспорты «Ashyq» қосымшасында көрсетілетін болады

175 рет
көрсетілді

1 шілдеге дейін вакциналау паспорты «Ashyq» қосымшасында көрсетілетін болады. Вакцинаның екі компонентін толық алған азаматтардың мәртебесі жасыл түспен белгіленеді. Бұл туралы көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жанар Оразалина мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жалпы жоба іске қосылғаннан бастап, «қызыл мәртебе» анықталған пайдаланушылардың саны 2 мыңға жетті. Одан бөлек «Ashyq» қосымшасымен жұмыс істейтін кәсіпкерлік субъектілерінің саны 5 мыңнан асты.

«Барлығы заңға сәйкес болады. Заң қаулыдан жоғары, ешкім жеке деректерді пайдаланбайды. Дербес деректер сот шешімі болған жағдайда ғана ұсынылуы мүмкін. Бұл жүйе заңға сәйкес жұмыс істейді. Қаулыға сәйкес, деректерді тек санитарлық дәрігерлерге береміз. Қалғанының бәрі дербес деректер туралы заңмен реттеледі», деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов.