Еуропаның бірқатар елінде карантин шаралары жеңілдеп, қалыпты өмірге орала бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұлыбритания біртіндеп қалыпты өмірге орала бастады. Елде 17 мамырдан бастап пабтар, барлар мен мейрамханалар клиенттерге тек террассаларда ғана емес, сондай-ақ жабық нысандарда да келушілерді қабылдай алады. Ашық ауада 30 адамға дейін топ болып жиналуға рұқсат етіледі. Кинотеатрлар жұмысын қайта бастайды.⠀
Ирландия билігінің жоспары бойынша республиканың мыңдаған азаматтары ұзақ мерзімдік оқшауланудан кейін жұмыс орнына оралады. Дүкендер, мәдени мекемелер, мұражайлар кезең-кезеңімен ашылады. Билік бұл жеңілдіктер халыққа жаңа серпін береді деп үміттенеді.⠀
Италияның барлық өңірі инфекцияны жұқтыру деңгейі төмен «сары» аймақта орналасқан. Италияның бірқатар аймағында карантиндік шектеулер жеңілдетілді. Ал Сицилия, Сардиния және Валле-д'Аоста тұрғындары үшін қатаң карантин режимі әлі бір аптадай сақталады.
Даниялықтар жаппай тестілеу пунктерінде коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін тексеріліп жатыр. Билік таңдаған стратегияға сәйкес бұл процесс карантин талаптарын жеңілдетумен қатар жүргізіледі. ПТР анықтамасы және екпе алғандығы туралы сертификаттың болуы жергілікті мейрамханаларға, спорт залдарына, кионтеатрлар мен жұмысына баруға және өзге де мекемелерге еш кедергісіз кіруге мүмкіндік береді.