• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Мамыр, 2021

Терроризмді ашық насихаттаған ақтөбелікке сот үкімі шықты

317 рет
көрсетілді

Сауд Арабиясында бірнеше жыл оқыған 31 жастағы ер адам Қазақстанға келген соң таныстарына терроризмді насихаттаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Ер адам Сауд Арабиясындағы университеттердің бірінде оқыған. Содан кейін елге келіп, дәстүрлі емес діни ағымды насихаттаған.

«Екі жыл бұрын студент туған қаласына жазғы демалысқа келген. Дөңгелек ауыстыратын ғимаратта діни сабақтар өткізіп, дәстүрлі емес діни ағымды ашық насихаттаған», деп хабарлады Polisia.kz.

Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің хабарлауынша, сот оны Қылмыстық кодекстің 256-бабының 1-бөлігі (терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру) бойынша бес жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.