• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Білім 25 Мамыр, 2021

Білім министрі ауыл мектебінің соңғы қоңырау салтанатына қатысты

691 рет
көрсетілді

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Целиноград ауданының Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің соңғы қоңырау салтанатты жиынына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облыстық білім басқармасының мәліметінше, Талапкер орта мектебі 2012 жылы пайдалануға берілген.

Мектеп 900 орындық, қазіргі кезде онда 1865 оқушы білім алып жатыр. Талапкерлік мектеп оқушылары әр түрлі республикалық, облыстық сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда.

Биыл мектепті 75 түлек бітіргелі отыр, ал тағы 123 – 9 сыныптың оқушылары. Оның ішінде 4 «Алтын белгі», 6 үздік аттестатқа үміткерлер бар.