Алматы облысында бір жастағы бала кәріз шұңқырына құлап кетіп, мерт болды. Қайғылы жағдай Кеген ауылында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті болған оқиғаға байланысты пікір білдірді. Бала ойнап жүріп, абайсызда кәріз шұңқырына құлап кеткен.
«Оқиға 21 мамыр күні болған. Бір жастағы бала жеке үйдің ауласында ойнап жүріп, моншаның кәріз шұңқырына түсіп кеткен. Ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмауды сұраймыз», деп мәлімдеді аталған ведомство қызметінен.