• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Мамыр, 2021

Биыл Алматы облысында 1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі

530 рет
көрсетілді

Алматы облысында «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда. Биыл жоспарға сәйкес 1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде Алматы облысының әкімі Амандық Баталов айтты.

Өңір басшысының сөзінше, «Жұмыспен қамту жол картасы» шеңберінде өңірге 105 млрд теңге бөлінген. 20 мың жұмыс орнын құрған 1051 жоба жүзеге асырылды. Өткен жылы облыс бойынша 60 мың жұмыс орны ашылды.

Баяндамада айтылғандай, «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда. Биылғы жылы 1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беру жоспарланған. 2603 пәтерлік 521 тұрғын үй салынып жатыр. Соның 1212-сі көп балалы отбасыларға беріледі. Сонымен қатар жеңілдіктер қарастырылған «7-20-25», «Бақытты отбасы» және «Шаңырақ 5-10-20» бағдарламаларымен 1986 отбасы пәтерлі болады.

«Алматы облысында құрылыс саласында карантиндік шектеулерге қарамастан жұмыс қарқыны бәсеңдеген жоқ. Сол сияқты біз шағын және орта бизнес нысандарының жабылуы салдарынан орнынан босап қалған көптеген азаматты осы құрылыс саласында жұмыспен қамтыдық», деді А. Баталов.