• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Мамыр, 2021

Вакцинадан кейін денесі құрысып қалған науқасқа қатысты министрлік түсініктеме берді

449 рет
көрсетілді

Instagram әлеуметтік желісінде аурухана төсегінде жатқан қыздың видеосы тарады. Кадр сыртында сөйлеп тұрған адам «Спутник-V» вакцинасын  салдырғаннан кейін қыздың бойында құрысу басталғанын айтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алайда stopfake.kz сайты бұл ақпараттың әлі дәлелденбегенін жазды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді. Мамандардың айтуынша, қыздың екпе салдырғанына біраз болған, бірақ ол вакцинаны толық алмаған.

– Ол вакцинаның бірінші дозасын сәуір айының соңында алды. Екінші компонентін алмаған. Жедел жәрдем вакцинациядан кейін бір ай өткен соң шақырылды, – деп хабарлады ведомстводан.

Дегенмен бұл іспен мамандар айналысып жатыр.

– Конвульсиялық синдромы бар науқастың №7 ҚКА қабылдау бөліміне жүгіну фактісі бойынша, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бұл жағдайды зерттеп жатқанын хабарлаймыз, вакцинациямен байланысын анықтау үшін жұмыс тобы құрылды, – деп хабарлады Алматы қаласының қоғамдық денсаулық басқармасынан.

Қыздың бойындағы синдромның нақты себептері кейінірек белгілі болады. Қазіргі кезде дәрігерлер құрысулар вакцинация нәтижесінде басталды деп айтуға негіз жоқ дейді.