• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 31 Мамыр, 2021

Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды

136 рет
көрсетілді

Өткен тәулікте Алматы облысында 16 адам коронавирустан емделіп шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Соңғы тәулікте өңірде індет 89 адамнан анықталған.

«31 мамырдағы жағдай бойынша облыста КВИ-дің 26 037 жағдайы тіркелген. Оның ішінде симптомдармен - 16 289 жағдай. 100 мың тұрғынға шаққанда КВИ сырқаттану көрсеткіші – 1218,2. КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптаны салыстыру кезінде 0,5%-дан (17.05-23.05) 0,4% (24.05-30.05) дейін азайды. Соңғы аптада ең жоғары өсу қарқыны Балқаш - 0,8%, Іле - 0,6%, Жамбыл - 0,5%, Кербұлақ -0,5% Сарқан - 1,0% аудандарында байқалады. Өткен тәулікте КВИ 89 жағдайы тіркелді. Өсу қарқыны - 0,3%. Оның ішінде 62 симптомдық (69,7%) және 27 симптомсыз (30,3%) жағдай» делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, 31 мамырға дейін жалпы коронавирустан 24 993 науқас жазылды.

Бір тәулік ішінде стационардан 16 пациент емделіп, 30 адам үй оқшаулауынан шығарылды.