• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Медицина 31 Мамыр, 2021

Батыс Қазақстанда 67 мыңнан аса адам вакцина салдырды

203 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысында 67 981 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентімен егілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, 31 151 адам екінші компонентін алып үлгерді. Өңірде тұрғындарды вакцинациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Басқарма мәліметіне қарағанда, қазіргі кезде «сары» аймақта тұрған өңірде соңғы тәулікте 75, бір аптада 612 адамнан коронавирус анықталды.

Пневмонияға шалдыққан 324 адам стационарда емделіп жатыр. Күні бүгін инвазивті жасанды тыныс алу аппаратына 3, инвазивті емес құрылғыға 10, оттегі концентраторына 24, орталықтандырылған оттегі көзіне 90 адам қосылған.

«Облыста 1123 төсектік 18 инфекциялық стационарда 400, соның ішінде жансақтау бөлімінде 32 адам жатыр. 195 төсектік 4 карантиндік стационарда 13 науқас бар. Өткен жылғы қыркүйектен бері 1275, биыл 1070 баладан індет табылды. Ірі кәсіпорындардан «Жайықмұнай» ЖШС-да жыл басынан бері 38, «ҚПО б.в.» компаниясында 145 адамнан коронавирус шықты», деп хабарлады ведомстводан.