• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 31 Мамыр, 2021

«Түркістан-Бішкек» халықаралық рейсі іске қосылады

Бүгін, яғни 31 мамырда «Fly Arystan» әуе компаниясы түркі әлемінің мәдени астанасынан Қырғызстан астанасы Бішкекке жаңа халықаралық рейсті іске қосады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан – Бішкек рейстері А-320 әуе кемесімен аптасына 2 рейс (1, 4 күн бойынша) орындалады. Мәселен, 2021 жылғы 31 мамырда орындалатын алғашқы рейсте Түркістан мен Бішкек қалалары арасындағы орташа коммерциялық жүктеме 60%-дан асады.   Осылайша, Ұлы Жібек жолындағы туризмді дамыту орталығы ретінде Түркістан қаласын шет мемлекеттермен байланыстыру жөніндегі міндет дәйекті түрде орындалып келеді.   Рейстер санитарлық-эпидемиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.    
Соңғы жаңалықтар