• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 01 Маусым, 2021

Қазақстан – Норвегия: Этносаралық келісім – өркендеу жолы

573 рет
көрсетілді

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Нұрсұлтан Назарбаев қорының және оның норвегиялық әріптесінің бастамасымен сондай-ақ Осло қаласындағы Қазақстан елшілігінің қолдауымен семинар өтті.

Іс-шара этносаралық және кон­фессияаралық келісімнің қазақ­стандық моделіне арналған. Нұр-Сұлтан мен Осло қалаларын жал­ғаған онлайн семинарға Сами парла­ментінің бұрынғы бас директоры Руне Фьельхейм, Нұрсұлтан Назар­баев қоры жанындағы Әлем­дік экономика және саясат инсти­ту­тының директоры Ержан Салты­баев, конфессияаралық және өрке­ниетаралық диалогты дамыту жө­ніндегі Н.Назарбаев орталығының басқарма төрағасы Болат Сәрсенбаев, сондай-ақ Осло қаласындағы еврей қауымдастығының жетекшісі және расизмге қарсы күрес орталығы басшысының бұрынғы орынбасары Эрвин Коэн қатысты. ЕҚЫҰ-ның аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы ко­мис­сары Қайрат Әбдірахманов та Гаагадан тікелей байланысқа шығып, пікір алысты.

Іс-шараның модераторы – бұ­рынғы шетелдік тілші, «TV2» жаңа­лықтар бөлімінің басшысы, нор­вегиялық журналист Томас Хеншен болды. Семинарға қатысушылар 30 жылдық межедегі Қазақстанның табыстарын тізбеледі. Тәуелсіздік жылдары экономикалық жетістіктермен қатар, елдің көпэтносты және көп­кон­фессиялы қоғамды нығайтудағы рөлі ерекше аталды.

Семинардың ашылуында Қайрат Әбдірахманов бүгінгі әлемде тұ­рақтылықтың басты факторының бірі ретінде толеранттылықтың ма­ңызын баса айтты. Сол себепті көп­ұлтты қазіргі Қазақстанның айту­лы жетістігінің өзегі ретінде бейбіт­шілікті сақтау аталды.

Қазақстандық дипломаттың ойын Ержан Салтыбаев сабақтады. Оның айтуынша, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатын жүзеге асырудың арқасында бірінші орынға тұрақтылық пен халықтың бірлігі қойылған  мемлекеттің дамуы қамтамасыз етілді.

Эрвин Коэн өз кезегінде ауди­то­рияға Норвегиядағы ұлттық аз­шылық құқықтарының даму тарихына және бүгінде әлеуметтік қорғау теңдік пен тең құқықтық сынды құндылықтармен тығыз байланыс­ты қазіргі заманғы норвегиялық қоғамның қалыптасу үдерісіне қысқаша шолу ұсынды.

Норвегия және әлемнің өзге елдері Қазақстаннан не үйренуге болатыны жайлы пікірлесу кезінде норвег қоғамдастығының жетекшісі: «Әрдайым сан түрлі қоғам идеясын ілгерілетуге ерекше мән берген Қазақстан басшылығының болашаққа деген көзқарасы ел үшін басты құндылыққа айналды, өйткені дәл осы әртүрлілік қоғам әл-ауқатының артуы мен өркендеуіне ықпал етеді», деп жауап берді.

Норвегияның Сами парламентін он жылдан астам уақыт бойы бас­қар­ған Руне Фьельхейм мемлекеттік органдар мен Сами парламенті ара­сындағы өзара іс-қимыл мен кон­сультациялар рәсімінің дамуы­на тоқталды. Бұл ретте ол халық­тың этностық ерекшеліктеріне қара­мастан, көпұлтты Қазақстанда тең мүмкіндіктердің берілуі өзгеге үлгі екенін баса айтты.

Болат Сәрсенбаев өз сөзінде Қазақстанның конфессияаралық тәжірибесі мен еліміздің мәдениет, дін және өркениеттер диалогын дамыту жөніндегі күш-жігері қазіргі әлемнің жаһандық сын-қатерлеріне қарсы шешім табуда айрықша маңызды екенін жеткізді.

Семинар соңында қатысушылар Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жыл­ды­ғымен құттықтау білдіріп, елімізге тұрақты даму мен бейбітшілік тіледі.