Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 мамырда Көкшетау қалалық ПБ кезекшілік бөліміне теміржол саяжайы аумағында екі әйелдің Шағалалы өзеніне қарай кеткендігі туралы ақпарат түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Өзен жағасына жеткен тәртіп сақшылары саяжайлардан шығыс бағытта 10-15 метр қашықтықтан 39 және 42 жастағы әйелдің денелерін тапты. Жедел тергеу шаралары барысында сот-медициналық топ олардың денесінде күш қолданудың белгілерін байқамады. Қазіргі кезде, мәйіттер Ақмола облысы бойынша соттық медицина инстутына жіберілді», деді ведомстводан.