Әлеуметтік желілерде Арқалық қаласында түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Видеодан тәртіп сақшыларының ескі Mitsubishi Pajero-ны қуып бара жатқанын көруге болады. Көліктің рөлінде бала отыр, әрі ол жалғыз емес. Жолаушы орындығындағы ер адам оны тоқтатудың орнына, полицейлерді балағаттап, жағдайды ушықтыра түскен. ⠀ Заң бұзушыларды тәртіп сақшылары табельдік қарумен тоқтатуға мәжбүр болған. Сөйтіп ол втокөліктің дөңгелегіне оқ атады. Бұған ызаланған ересек жолаушы рөлде бала отырғанын айтып, балағат сөздермен айқайлаған. ⠀ Білгілі болғандай, оқиға 31 мамырда болған. Полиция қызметкерлері «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы аясында Mitsubishi Pajero көлігін тоқтатқан.
Полиция қызметкерлері дауыс зорайтқыш құрылғының көмегімен көлік иесін тоқтатуға бірнеше рет бұйрық берген. Жүргізушіге бағынбаған жағдайда табельдік қару қолданылатынын ескертілген көрінеді.⠀ ⠀
«Көлікті 2007 жылғы кәмелетке толмаған бала басқарған. Алдыңғы жолаушылар орнында 35 жастағы әкесі мас күйде отырған, оған қатысты 612-баптың 5-бөлігі (Көлік басқару құқы жоқ адамға басқарма беру) және 613-баптың 1-бөлігі (Тоқтату туралы заңды талаптарды орындамау) бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылды», деп атап өтті облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер.