«СҚ-Фармацияның» басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев қолданыстағы вакциналардың бағасы туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Бізде вакцина бағасына қатысты саясат мемлекеттік деңгейдегі келіссөздер арқылы айқындалады. Оның көлемі ашық көздерде жарияланған. Нақтырақ айтсақ «Самұрық Қазына» сатып алған Hayat-Vax вакцинасының келісімшартына біз де көмектескенбіз. Баға 31 доллар болды. Шын мәнінде нарықта одан да жоғары баға бар. Белуарсь та осы бағамен сатып алды. Яғни, баға мәселесі ашық. Өндіруші елдер бағаны ресми түрде ұсынады. Бізге коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссия арқылы көлемі мен бағасы, аванстар бойынша тапсырма беріледі. Біз соның негізінде сатып аламыз», деді компания басшысы.
«СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы «СпутникV» вакцинасының бағасы барзандатылғанын қайталап еске салды.
«СпутникV» бойынша айтсақ, отандық өндіруші субстанциядан вакина жасап отырғанын білесіздер. Басында Ресей тарапы жариялаған баға қазіргіден жоғары болатын. Кейін 21 долларға дейін түсірді. Осы бағаны сақтап отырмыз. Қарағандыдағы фармацевтикалық кешен осы баға бойынша жетізеді. Ал басында бір дозасы 26 доллар болатын. Қазір нарықта вакцина үшін майдан жүріп жатыр деуге болады. Еуропада бірнеше жеткізушімен сот жүріп жатыр. Үндістанда вакцина уақытында жетпей жатыр. Ал біздің ел жасаған келісімдердің орындалуы қатаң бақылауда», деді Ерхат Есқалиев.